Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері бельгиялық клубтан кетті
Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Бернд Шторк маусым соңында бельгиялық «Генктен» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еуропалық команданың баспасөз қызметі неміс маманы мен клуб басшылығы өзара келісім бойынша келісімшартты бұзғанын хабарлады.
Желтоқсан айының басынан бастап Шторк команданы баптады. Клуб оған команданы қалпына келтірудегі күш-жігері үшін ерекше алғысын білдіреді.
«Біз Берндке алдағы мансабында бар жақсылық пен үлкен табыс тілейміз», - деп жазады бельгиялық клубтың ресми сайты.
Еске салайық, Бернд Шторк 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или