ҚПЛ: 12-тур ойындарының тікелей трансляциясы
22 мамырда Нұр-Сұлтан, Қостанай және Ақтау қалаларында футболдан Қазақстан чемпионатының 12-туры аясында үш матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де «Астана аренада» Петропавлдың «Қызыл-Жар» мен Оралдың «Ақжайығы» кездеседі. Турнирлік кестеде соңғы орындарға жайғасқан қос командаға да жеңіс ауадай қажеті.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де қостанайлық «Тобыл» ақакенттік «Мақтааралды» қабылдайды. Қостанайлық команда жаңа бас бапкер Милан Милановичтің жетекшілігімен алғашқы кездесуде жеңіске жетуге тырысады.
«Қызыл-Жар» - «Ақжайық» және «Тобыл» - «Мақтаарал» матчтарын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ал елорда уақытымен сағат 18:00-де «Каспий» - «Тараз» матчы басталады. Биылғы маусымды аса сәтті өткізіп жатқан қос команданың қай жеңгені турнирлік кестеде көш бастайды.
<span></span>