Максимович жастар арасындағы әлем чемпионатына шақырту алды

Максимович жастар арасындағы әлем чемпионатына шақырту алды

«Астананың» сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимович 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға өз елінен шақырту алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл мәліметті Сербия футбол одағының арнайы сайты жариялады.

Жаңа Зеландияда өтетін жастар арасындағы әлем чемпионаты 30-шы мамыр күні бастау алады. Сербия құрамасы D тобында Уругвай, Мали және Мексика елдерімен күш сынасады. Сербиялықтардың алғашқы қарсыласы Уругвай, кездесу 31-ші мамыр күні, Астана уақытымен сағат таңғы 7-де өтеді.

Максимович FIFA-ға жіберілген құжатта 8-ші нөмірмен тіркелген. Команда құрамындағы төрт легионердің бірі. Бельгиялық «Генк», италиялық «Катания» және ағылшындық «Тоттенхэмде» өнер көрсететін ойыншылары бар.

Естеріңізге сала кетейік, Неманья Максимович «Астанаға» осы жылы қысқы ауысым кезінде словениялық «Домжале» клубынан келген болатын. Қазақстан Премьер-Лигасының ағымдағы маусымында 11 ойын өткізіп, 4 голдың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или