«Тобылға» жаңа келген бас бапкердің көмекшісі белгілі болды
Сербиялық маман Милан Кулич «Тобыл» ФК бас бапкері Милан Милановичтің көмекшісі атанды.
Маманның міндеттеріне футболшылардың жеке дамуына бағытталған физикалық көрсеткіштерді жақсарту, ақпаратты талдау, жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу кіреді.
Кулич бұған дейін «Раднички», «Земун», «Будучность» сияқты серб клубтарында және Сербияның U-19 жастар құрамасында жұмыс істеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или