«Айнтрахт» Еуропа лигасын жеңіп алды

«Айнтрахт» Еуропа лигасын жеңіп алды

Севильядағы «Рамон Санчес Писхуан» стадионында Еуропа лигасының финалдық матчы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Ақтық сында германиялық «Айнтрахт» пен шотландиялық «Рейнджерс» кездесті.

Командалар негізгі және қосымша уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Есеп – 1:1. Ал матчтан кейінгі пенальти сериясында «Айнтрахт» 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Есеп екінші таймда ашылды. «Рейнджерстің» жартылай қорғаушысы Джо Арибо 57-минутта гол соқты. 70-минутта «Айнтрахт» шабуылшысы Рафаэль Борре есепті теңестірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или