«Ақтөбе» - жартылай финалда

Футболдан ел кубогының ширек финалында Көкшетауда жергілікті «Оқжетпес» «Ақтөбеден» жеңіліп қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан кубогының былтырғы финалисі түзде көкшетаулық клубтың қақпасына үш гол тоғытса, бұған алаң иелері екі-ақ рет жауап қата алды. 20-минутта Маркос Пизелли «Ақтөбені» алға шығарса, бес минуттан соң қақпашы Стас Покатилов айып алаңында ойын тәртібін бұзып, төреші пенальти нүктесін көрсетті. Нүктеге келген Роткович мүлт кеткен жоқ. Бірінші тайм аяқталар тұста батысқазақстандықтар екі гол салды. Алдымен Арунас Жулпа көзге түссе, артынша Данило командасының үшінші голын тоғытты. Матч аяқталарда ғана Игорь Азовский есеп айырмасын қысқартқанымен, «Оқжетпес» таразы басын теңестіре алмады.

Осылайша Владимир Газзаев шәкірттері жартылай финалға жолдама алды.

«Оқжетпес» - «Ақтөбе» - 2:3 (1:3)

Голдар: Роткович 24, Азовский 90 - Пизелли 20, Жулпа 41, Данило 47

«Оқжетпес»: Цирин, Азовский, Горячий (Нұржанов 86), Мангуткин (Сақалбаев 57), Тулиев, Чижов, Волков, Павлов, Чертов, Бөлешев, Роткович (Смейкал 77)

«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Дмитренко, Логвиненко, Мирошниченко, Жулпа, Пизелли (Антонов 85), Тағыберген, Хайруллин, Айымбетов (Жалмұқан 79), Данило (Хижниченко 73)

Төрешілер: Руслан Дүзмамбетов (Өскемен), Ғалымжан Айжігітов (Қызылорда), Рустам Сүйінов (Павлодар)

Қосалқы төрешілер: Рустам Бейжанов (Қызылжар)

Инспектор: Юрий Гриджан (Алматы)

Ескертулер: Покатилов 23, Дмитренко 49, Жулпа 81

20 мамыр. Көкшетау. «Оқжетпес» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или