«Шахтер» Чемпиондар лигасындағы матчтарын Польшада өткізуі мүмкін
«Шахтер» директоры Дарихо Срна команданың Чемпиондар лигасының келесі маусымындағы жоспарлары туралы айтты.
Еске салайық, украиндық клуб Еуропадағы ең беделді клубтық турнирдің топтық кезеңінде өнер көрсетеді. Украина чемпионатының ағымдағы маусымы аяқталмады, бірақ Донецк командасы чемпион деп танылды.
«Жақында «Шахтер» «Легия» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Ал бұл біздің клубтың Польшадағы соңғы матчы болмауы да мүмкін. Бұл ел Украинаға көмектесіп жатыр, бізде қалай өтейтініміз туралы жоспар бар. Біз Чемпиондар лигасының матчтарын Польшада өткізгіміз келеді! Осылайша біз ризашылығымызды көрсете аламыз. Бірде-бір поляк клубының Чемпиондар лигасында ойнамайтыны өкінішті, бірақ біз бұл матчтарды Польшаға әкелуге қуанышты болар едік. Менің ойымша, Варшава Чемпиондар лигасындағы матчтарымыз үшін өте жақсы орын болар еді», - деп келтіреді Sportowe Fakty Срнаның сөзін.