Кәшкен «Жальгирис» жейдесіндегі алғашқы ойынын өткізді

Кәшкен «Жальгирис» жейдесіндегі алғашқы ойынын өткізді
«Жальгирис» футбол клубы Литва кубогының 1/16 финалында өз алаңында «Джюгасты» 3:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Алаң иелері сапында өнер көрсететін 22 жастағы қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Кәшкен қосалқы құрамнан алаңға шықты (81-минутта).

Осылайша, қазақстандық футболшы «Жальгирис» жейдесіндегі алғашқы ойынын өткізді.

«Жальгирис» (Вильнюс, Литва) – «Джюгас» (Тельшяй, Литва) – 3:1

Гол соққандар: Матиас Ойвуси 46, Ренан Оливейра 52, Оливер Буфф 73 – Иво Брас 79

Айта кетейік, Кәшкен биыл 6 наурызында еркін агент ретінде «Жальгириске» ауысты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или