«Қызыл-Жар» директоры төрешіге назары болып, алаңға жүгіріп шықты

«Қызыл-Жар» директоры төрешіге назары болып, алаңға жүгіріп шықты

«Қызыл-Жар» футбол клубының директоры Григорий Лория «Таразға» қарсы ойында төрешілердің жұмысына наразы болып, алаңға шығып кетті, деп жазады Prosports.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан Лория бас төреші Рустам Омаровпен бетпе-бет сөйлеспек болып, алаңға беттегенін көруге болады.

Директорды «Қызыл-Жардың» бас бапкері Али Алиев тоқтатты.

Айта кетейік, петропавлдық команда 1:0 есебімен жеңіп жатқан, ойынның қосымша уақытында төреші «Тараздың» пайдасына пенальти белгіледі. Нәтижесінде қорытынды есеп 1:1 болды.

Бұл туралы Instagram желісіндегі skazk1.dugali4a парақшасы хабарлады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или