ҚПЛ: 10-тур ойындарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 10-тур ойындарының тікелей трансляциясы

7 мамырда футболдан Қазақстан чемпионатының 10-туры аясында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және Қостанай қалаларында кездесулер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын күні Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де «Астана Арена» алаңындағы «Қызыл-Жар» - «Тараз» матчымен ашылады. 

Ал 18:00-де шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында «Астананы» қабылайды. 

Сағат 20:00-де Алматының Орталық стадионында «Қайрат» пен «Атырау» кездеседі. 

«Qazsport» телеарнасы «Қызыл-Жар» <span>–</span> «Тараз», «Ордабасы» <span>–</span> «Астана» және «Қайрат» <span>–</span> «Атырау» матчтарын тікелей эфирде көрсетеді. 

Алматыдағы матчпен бір уақытта Қостанайда жергілікті «Тобыл» пен павлодарлық «Ақсу» кездесуі өтеді. «Тобыл» – «Ақсу» матчының трансляциясын біздің сайттан көруге болады:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или