Андрей Карпович - «Ақтөбенің» бас бапкері
Андрей Карпович – «Ақтөбенің» бас бапкері Қазақстандық маман Андрей Карпович «Ақтөбенің» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
2021 жылдың шілде айынан бастап команданы Владимир Муханов жаттықтырды. Ресейлік маман енді Карповичтің көмекшісі болып жұмыс істейді.
Андрей Карпович 2017-2018 жылдар аралығында «Қайрат» жүйесінде жұмыс істеді, одан кейін 2019-2020 жылдар аралығында «Оқжетпес» клубының бас бапкері болды. Одан кейін Петропавлдың «Қызыл-Жарын» жаттықтырды.
Биыл ҚПЛ-дың сегізінші турынан кейін Андрей Карпович петропавлдық команданың бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или