Футбол клубтарының қаржылық есебін бақылайтын жаңа платформа іске қосылды
Осы жылдан бастап УЕФА футбол клубтарының қаржылық есебі мен бақылау жұмыстарын қамтамасыз ету үшін жаңа платформаны (BOARD) енгізді.
Осыған орай, 18-20 сәуір аралығында Қазақстан футбол федерациясының лицензиялау департаменті Премьер-лига футбол клубтарының қаржы қызметкерлері үшін онлайн сабақтар ұйымдастырды.
Сонымен қатар, 21-28 сәуір аралығында ҚФФ кеңсесінде Премьер-Лига клубтарының қаржы қызметкерлері үшін UEFA BOARD жүйесіне (қаржылық есеп және клубтардың мониторингі) деректерді енгізу бойынша жеке практикалық сабақтар өткізілді.
Футбол клубтары УЕФА клубтық лицензиялау бөліміне белгіленген мерзімде барлық қажетті есептерді сәтті тапсырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или