Диас Қалыбаев «Жетісуға» оралды

Диас Қалыбаев «Жетісуға» оралды

22 жастағы қазақстандық шабуылшы Диас Қалыбаев «Жетісуға» оралды, деп жазады Prosports.kz.

Отандық басылымдардың хабарлауынша, ойыншы «Жетісуға» жалға берілді. 

Қалыбаев биыл ақпанда «Жетісудан» «Атырауға» ауысқан. «Мұнайшылар» сапында биылғы маусымда 2 кездесуге қатысты.

16 сәуірде шабуылшы Екінші лигада «Атырау Ж» сапында матч өткізді, ал 24 сәуірде «Жетісудың» «Астана Ж» командасына қарсы ойынына шақырту алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или