ҚПЛ: «Шахтер» өз алаңында «Тобылды» ірі есеппен ұтты
Футболдан Қазақстан чемпионатының 9-туры аясында «Шахтер» мен «Тобыл» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарағандыда өткен ойында алаң иелері 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, «Тобыл» қорғаушысы Алекс Аманович бірінші таймда қызыл қағаз алып алаңнан қуылды.
ҚПЛ. 9-тур
«Шахтер» – «Тобыл» – 4:1
Гол соққандар: Тимур Досмағамбетов 33 (пенальти), 61 (пенальти), Николай Ковталюк 47, Роман Муртазаев 81 – Айбар Жақсылықов 70
«Шахтер»: Игорь Шацкий (Қ) (К) – Тимур Досмағамбетов, Иван Граф, Владимир Хозин, Стефан Букорац, Кирилл Маляров – Роджер Каньяс, Эдин Рустемович – Абылайхан Назымханов, Иван Свиридов, Николай Ковталюк.
«Тобыл»: Александр Мокин (Қ) – Владислав Васильев, Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Дмитрий Мирошниченко – Самат Жарынбетов, Асхат Тағыберген (К) – Рубен Бриджидо, Зоран Тошич, Игорь Сергеев.