18 жастағы қазақстандық футболшы Молдова чемпионаты атанды

18 жастағы қазақстандық футболшы Молдова чемпионаты атанды

Қазақстандық 18 жастағы шабуылшы Данил Анкудинов «Шериф» құрамында мерзімінен бұрын футболдан Молдова чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін «Шериф» «Динамо-Авто» командасын 3:0 есебімен жеңді. Голдарды Седрик Бадоло (61-минут), Бруно (73-ші) және Адама Траоре (90-шы) соқты. Анкудинов 78-минутта қосалқы құраммен шықты. «Динамо-Автоның» қазақстандық жартылай қорғаушысы Вадим Яковлев матчты толығымен өткізді.

66 ұпай жинаған «Шериф» мерзімінен бұрын Молдова чемпионы атанды.

Данил Анкудинов осы жылдың ақпан айында «Шерифке» ауысып, команданың барлық турнирлеріндегі төрт матчына қатысып, бір нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или