Қазақстан құрамасының бас бапкері қашан ресми хабарланатыны белгілі болды

Қазақстан құрамасының бас бапкері қашан ресми хабарланатыны белгілі болды

Ресейлік бапкер Магомед Адиев таяу арада мамырдағы демалыстар кезінде үйіне қайтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Meta-ratings.kz<span> журналисі </span>Ербол Қаировтың мәліметінше, ол Қазақстанға оралған соң ҚФФ оны Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде ресми түрде таныстырады. 

Ол келесі аптаның соңына дейін тағайындалады. 

Бұған дейін Магомед Адиев қарағандылық «Шахтерден» кететіні хабарланған. Ресейде Адиев «Ахмат», «Анжи» мен «Чайка» командаларын жаттықтырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или