Андрей Карпович «Қызыл-Жардан» кетті
«Қызыл-Жардың» бас бапкері Андрей Карпович петропавлдық клубтан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Достар, мен өзім үшін осындай шешім қабылдадым – «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері қызметінен өз еркіммен кетемін. Жүрегім ауырса да, осы қадамға бардым, бірақ бұл дұрыс шешім деп ойлаймын.
Өткен маусым біз үшін керемет әрі қызық болды. Біз Конференция лигасында Қазақстан намысын қорғауға мүмкіндік алдық. Жігіттер мұны абыроймен жасайды деп сенемін. Бұл өте жақсы және мықты команда, ол көп нәрсеге қабілетті, оған тек сәттілік қажет. Мен кеткен соң «Қызыл-Жарға» сәттілік жолдас болып қалар.
Бұл тек менің шешімім екенін баса айтқым келеді. Біз клуб басшылығымен дос ретінде қоштасамыз. Осы тамаша уақыт үшін басшылыққа, әкімдікке, ойыншыларға, қызметкерлерге, жаттықтырушылар штабына және жанкүйерлерге алғысымды білдіремін! Мен әрқашан «Қызыл-Жарға» жанкүйер болатынымды білемін. Барлығына үлкен рақмет!», - деп жазды бапкер Инстаграмда.