«Мен ашулымын!» Мино Райола әлеуметтік желілерде қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

«Мен ашулымын!» Мино Райола әлеуметтік желілерде қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Танымал футбол агенті Мино Райола өзінің өлімі туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Денсаулығым қалай екенін білгісі келетіндерге: мен ашулымын! Төрт айда екінші рет өлтіріп жатыр. Мен қайта тіріле алатын қасиетім бар сияқты», — деп жазды Райола «Твиттерде».

Бұған дейін БАҚ-та Райола 54 жасында қайтыс болды деген ақпарат тараған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или