Берік Қаниев ҚФФ атқарушы комитеті құрамынан шықты
Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, бизнесмен Берік Қаниев Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің құрамынан кету туралы шешім қабылдады.
«Жас Қыран» футбол жобасының иесі неліктен мұндай шешім қабылдағаны әзірге белгісіз күйінде қалды. Берік Қаниевтің тек өз еркімен кету туралы шешім қабылдағаны анық.
Сондай-ақ, ҚФФ атқарушы комитетінің құрамынан Олжас Абраев та кетеді. Ол ҚФФ бас хатшысы қызметіне тағайындалғандықтан атқарушы комитетінен шығуы шарт.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или