«Қайсар» - «Оқжетпес» матчынан кейінгі баспасөз-мәслихаты

Футболдан ел чемпионытының 12-турындағы «Қайсар» мен «Оқжетпес» матчынан кейін бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Естеріңізге сала кетсек, матчы 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілген болатын.

Дмитрий Огай, «Қайсар» ФК бас бапкері:

- Өкінішке қарай, жеңіліп қалдық. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Осымен екінші ойын қатарынан ұтылып жатырмыз. Жылдам гол командамның ойынына кері әсер етті. Одан кейін ойын бағытын өз арнамызға бұрмақ болғанымызбен оған шама жетпеді.

- Неге ұтылып жатырмыз, әлде көмекшілеріңіз әлсіз бе?

- Былтыр да дәл осы көмекшілеріммен үздік бестіктен көрінгенбіз. Ол кезде бұл жайлы әңгіме қозғалмап еді. Иә, биыл ойынымыз жүрер емес. Бірақ бұған көмекшілерімді кінәлауға болмайды.

Владимир Мұханов, «Оқжетпес» ФК бас бапкері:

- Өте жақсы ойын болды. Футболшыларым барлық тапсырмаларымды мүлтіксіз орындап жатты. Дегенмен, күні бойы жауған жаңбырдың нәтижесінде алаң футбол ойнауға аса қолайлы болған жоқ.

- Дмитрий Огай сіздің бұрыннан бәсекелесіңіз бе?

- Кезінде екеуміз Қазақстанның сол кездегі екі мықты клубын жаттықтырдық. Ол «Тобылда», мен «Ақтөбеде» қызмет еттім. Сол кезде жанкүйерлердің бәсекелес қылып қойғаны ғой. Әйтпесе, мен Дмитрий Огайды қатты сыйлаймын, еңбегін бағалаймын. Екеуміз тек жасыл алаңда ғана бәсекелеспіз. Өмірде татумыз.

- Дмитрий Сычев неліктен алаңға шықпады?

- Ол өткен ойында жарақат алып қалған болатын. Мәскеуге ұшып кетті. 10-12 күнде толық емделіп шығады.

«Қайсар» ФК ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или