«Мариуполь» футбол клубы жабылды

«Мариуполь» футбол клубы жабылды

Украина премьер-лигасында өнер көрсеткен «Мариуполь» футбол клубы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мариуполь» бірінші вице-президенті Андрей Саниннің бұйрығымен Украинаның соғыс кезіндегі еңбек қатынастарын ұйымдастыру туралы заңына сәйкес клубтың барлық қызметкерімен келісімшарт бұзылды. 

Украинаның Донецк облысы аумағында орналасқан Мариуполь ақпан айының соңында Украина мен Ресей арасындағы соғыс оты өршіген қалалардың бірі болды.

Қала аттас футбол клубы Украина чемпионаты тоқтатылған уақытта 18 матчта 8 ұпай жинап, турнирлік кестеде 16-орында тұрған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или