ЧЛ: «Ман Сити» жартылай финалдың бірінші матчында мадридтік «Реалды» жеңді
«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы ойынында мадридтік «Реалды» ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Манчестердегі «Этихад» стадионында өтіп, 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Жеңімпаздар қатарында Кевин Де Брюйне, Габриэль Жезус, Фил Фоден және Бернарду Сильва әрқайсысы бір голдан соқты.
Қонақтар қатарынан екі рет Карим Бензема, Винисиус бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
Еске салайық, жауапты ойын 4 мамырда Мадридте өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или