ҚПЛ клубы келесі матчта алаңға шығудан бас тартып отыр
Қарағандылық «Шахтер» футболшылары облыс әкіміне хат жазып, матчтарға бойкот жариялау ниеттерін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Гол емес!» телеграм-каналына сілтеме жасап.
«Қарағандылық «Шахтердің» футболшылары мен бапкерлері облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің атына ашық хат жазды.
Хатта ойыншылар мен бапкерлер штабының төрт айдан бері жалақы алмағаны айтылады. Өткен маусымдағы бонустық қарыздар да бар.
Ойыншылар команданың алдағы матчтарына бойкот жариялауға дайын», - деп хабарлады ресурс.
Айта кетейік, қарағандылық команда ҚПЛ аясындағы келесі ойынды ертең Ақтауда «Каспиймен» өткізу керек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или