Месси ПСЖ-да тағы бір маусымға қалады
«ПСЖ» форварды Лионель Месси Парижде тағы бір маусымға қалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жақын уақытта ПСЖ-ның бас бапкері Маурисио Почеттино қызметінен кетеді, оның орнына келуі мүмкін Зинедин Зидан мен Антонио Контенің екеуі де командада Мессидің маңызын жоғары бағалайды. Сондықтан аргентиналық футболшыны алып қалмақ.
«ПСЖ» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында жеңіліп қалғанына қарамастан, Месси париждік клубпен екі жылдық келісімшарты аяқталғанша командадан кетуді жоспарлап отырған жоқ.
Дегенмен футболшының клубпен қарым-қатынасы жақсы. Ол карьерасын аяқтаған соң Барселонада тұруды жоспарлап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или