Қуаныш Қабдолов: «Қайратқа» қарсы өз ойынымызды көрсеттік

Қуаныш Қабдолов: «Қайратқа» қарсы өз ойынымызды көрсеттік

«Тұран» ФК бас бапкері Қуаныш Қабдолов OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында өткен «Қайратқа» қарсы матч (0:1) туралы пікір білдірді.

- Бүгін өз ойынымызды көрсеттік. Бас бапкер ауысқаннан соң команданың ойын жүйесін өзгерттік. Тактикалық схеманы өзгертіп, 4-2-3-1 жүйесімен ойнай бастадық.

Бізде басқа философия болды. Жаңа жүйені біз енгіздік демеймін, бұл команданың бірге жасаған жұмысы.

Футболшылардың да жұмысын ерекше атап өткім келеді. Олар барын салады. Әр жаттығуда барынша күш салып, жаттығады. Оларға көп рахмет айтамын, - деді бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или