«Ордабасының» бас бапкері: Жан-тәнімізбен беріліп, жеңіс жолында аянбауымыз қажет болатын ойындар бар
«Ордабасының» бас бапкері «Қызыл-Жарға» қарсы жеңісті ойын (3:1) жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.<br /><span>⠀</span><br /><span>– Екі бірдей тең дәрежелі команданың ауыр матчын көрдік, біз жан-тәнімізбен беріліп, жеңіс жолында аянбауымыз қажет болатын ойындар бар. Бүгін біз ойынның соңғы минуттарында жеңісті жұлып алған кез болып тұр. Біздің қатысуымызбен өткен соңғы кездесулердегі және бүгінгі матчтағы жоғарғы деңгейдегі төрелікті атап өткім келеді, ол өте жақсы. Сонымен қатар, мен жанкүйерлеріміздің де қолдауын назардан тыс қалдырмаймын, олар бізге әрдайым қиын сәтте көмектеседі. Біз үшін әрбір ойын толық чемпионат секілді ауыр өтеді, сол себепті оларға бізді түсініп, теңдессіз қолдау көрсететіндері үшін алғысымды білдіремін.</span>