«Тұран» Алматыда «Қайратты» жеңіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Футболдан Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында «Қайрат» пен «Тұран» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматының Орталық стадионында өткен ойында күтпеген жерден қонақтар жеңіске жетті. Есеп - 0:1. Ойындағы жалғыз голды Азат Нұрғалиев пенальтиден соқты.
Айта кетерлігі, түркістандық команда осы маусымдағы алғашқы голын соғып, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал алматылықтар маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
ҚПЛ. 7-тур.
«Қайрат» (Алматы) – «Тұран» (Түркістан) – 0:1 (0:0)
Гол соққан: Нұрғалиев
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или