«Реалда» жұмыс істеген маман ҚФФ басшылығымен кездесті

«Реалда» жұмыс істеген маман ҚФФ басшылығымен кездесті

Бүгін түнде Нұр-Сұлтанға Вальбуэна Рауль Кано келеді. Оған Қазақстан футбол федерациясы ел құрамаларының барлық сараптамасын жасауды тапсырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

46 жастағы маман ҚФФ жаңа басшылығының идеясына сәйкес нәтижелерді жақсарту үшін мәліметтер мен қажетті білімді жүйелеуге жауапты болады. Сондай-ақ болашақта Қазақстан құрамасының бас бапкерімен жұмыс істейді. 

Вальбуэна Рауль Кано - бұрын «Мальорка», «Альбасете», «Сарагоса» және мадридтік «Реал» сияқты атақты клубтардың намысын қорғаған өте танымал қақпашы.

Бірақ қазақстандық жанкүйерлер үшін Вальбуэна Рауль Кано «корольдік клуб» қатарынан үш жыл Чемпиондар лигасын жеңіп алған кезде Зинедин Зиданның бапкерлік штабында талдаушы болып жұмыс істегені әлдеқайда маңыздырақ болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или