«Астана» Қазақстан құрамасының футболшысын жазалады

«Астана» Қазақстан құрамасының футболшысын жазалады

«Астана» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат елордалық команданың негізгі құраманың жаттығуынан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қуат ауыр тәртіп бұзғаны үшін жасөспірімдер құрамасына ауыстырылды», - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ мұндай шешімді «Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич қабылдағанын жазған болатын. Оған себеп – шетелдік әріптесі Джереми Манзорромен жанжал. Бұл ретте француз футболшысы жазаланбады, бұл «Астананың» басқа ойыншыларының наразылығын тудырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или