Акмаль Бахтияров: «Олимптегі» жағдайыма көңілім толады, сондықтан ешқайда кетпеймін
Қазақстандық шабуылшы Акмаль Бахтияров Prosports.kz сайтына берген сұхбатында «Олимп-Долгопрудный» клубындағы жағдайы, Ресей чемпионат жайлы айтты.
- Акмаль, сәлем. Қалың қалай?
- Қайырлы күн. Бәрі жақсы!
- «Олимп-Долгопрудныйдағы» атмосфера қалай? Команда сені қалай қабылдады?
- Атмосфера керемет. Ұжым жақсы қабылдады. Ешқандай қиындық болмады. Тез бой үйреттім.
- «Олимпта» ойлағаныңды іске асырып жүрсің бе?
- Командада ойын тәжірибесін алып жүргеніме қуаныштымын. Дәл қазіргі мансабымда аса маңызды нәрсе. Қалғанын уақыт көрсетеді.

- Долгопрудныйда қалай өмір сүріп жатсың?
- Долгопрудный Мәскеудің іргесіндегі қала. Астанаға өте жақын орналасқан. Сол себепті уақытымның басым бөлігін Мәскеуде өткіземін.
- Қазіргі уақытта клубтан кететінің туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл қаншалықты шын?
- Командамен әлі бір жылдық келісімшартым бар. Тағы қайталап айтамын, осында жүрген уақытыма, ойын тәжірибесіне көңілім толады. Сондықтан кету жоспарымда жоқ.

- Мансабыңды шетелде жалғастыра бересің бе әлде Қазақстанға оралуды жоспарлап жүрсің бе?
- Қазақстанға қайтпаймын демеймін. Оның үстіне елден бірнеше ұсыныс түсті. Дегенмен менің әлі бір жылдық келісімшартым бар. Дәл қазіргі сәтте мені ешқайда жібермейді.
- Қалай ойлайсың, қазіргі әлемдегі жағдайда қазақстандық футболшылардың Ресейге ауысуына оң ықпалын тигізе ме?
- Көп ойыншымыз бағын сынап көруіне болатынына күмән келтірмеймін.
- Екі жыл бұрын берген сұхбатында ағылшын тілін меңгеріп жүргеніңді айтқан едің. Қазір жағдай қалай?
- Негізгі деңгейді үйреніп. Еш қиындықсыз сөйлесе аламын. Қазір ақырындап испан тілін үйреніп жатырмын.
