«Бавария» Мюллермен жаңа келісімшарт жасасады
Мюнхендік «Бавария» жартылай қорғаушы Томас Мюллермен келісімшарт мерзімін ұзарту туралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздің хабарлауынша, 32 жастағы футболшы 2025 жылға дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қояды. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2023 жылы аяқталады.
Мюллер «Баварияның» түлегі. Transfermarkt мәліметі бойынша ойыншының нарықтағы құны 25 миллион еуро.
Айта кетейік, Мюллер осы маусымда Германия Бундеслигасында 29 ойынға қатысып, 7 гол соқты және 19 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или