ҚПЛ: «Қайрат» пен «Тобыл» «Каспийді» көш басына шығарды

ҚПЛ: «Қайрат» пен «Тобыл» «Каспийді» көш басына шығарды

Қазақстан чемпионатының алтыншы турынан кейін ақтаулық «Каспий» командасы 13 ұпай жинап, бірінші орынға шықты, деп жазады Prosports.kz.

Батысқазақстандық дербиде «Каспий» «Атырауды» 2:1 есебімен ұтты. Турдың орталық матчында Қостанайда «Тобыл» мен «Қайрат» тартысты ойын өткізіп, жеңімпаз анықтай алмады. 

Турнир кестесінде 12 ұпай жинаған «Қайрат» екінші, бір ұпайы кем «Тобыл» үшінші орынға жайғасқан. 

Соңғы сатыда орналасқан түркістандық «Тұран» чемпионат басталғанына алты тур өтсе де, әлі гол соқпады. Оңтүстік Қазақстан командаларының матчында «Тұран» «Ордабасымен» 0:0 ойнады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или