Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бельгия чемпионатында гол соқты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бельгия чемпионатында гол соқты

«Моленбектің» қазақстандық қорғаушысы Ян Вороговский Бельгия чемпионатының екінші дивизионының 28-туры аясында «Вестерлоға» қарсы ойында гол соқты, деп хабарлайды Prosorts.kz.

Матч 2:2 есебімен аяқталды.

Еске салайық, Вороговский «Моленбекте» жалға алынған, ал оның құқығы алматылық «Қайратқа» тиесілі. Осы маусымда бельгиялық клуб сапында қазақстандық он матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или