Александр Седнев: Біздің мұндай жылдам алаңға үйренсіуіміз қиынға соқты
«Ордабасының» бас бапкері 6-турдың «Тұранға» қарсы ойыны (0:0) жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz шымкенттік клубтың баспасөзіне сілтеме жасап.
- Өте ауыр ойын, оңтүстік дербиге сай десек те болады. Әрине, қауіпті сәттер аз, ал күрестер көп болды, өкінішке орай қателіктер де жетерлік. Біздің мұндай жылдам алаңға үйренсіуіміз қиынға соқты, біз үшін бұл күтпеген жағдай болды, алайда мен алаңның сапасы өте жақсы екенін айтып өткім келеді. Қарсыласымыз ойын соңына қарай қауіпті ойнап, қақпа маңында қиындық туғызды, соның салдарынан бірнеше сәттер орын алды.
Өкінішке орай, біз кейбір жерлерде өзімізді жоғалтып, доптан себепсіз айырылып жаттық. Бүгін біз бір ұпайға ие болдық деп есептейміз. Енді өзімізді ретке келтіріп, сабырға келіп, өз мүмкіндігіміз бен алдағы үйде болатын ойындарға дұрыс жағынан қарауымыз қажет. Ойынға келген жанкүйерлерімізге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Біз олардың көрсеткен қолдауларын сезіндік және бұл бізге өз септігін тигізді.