Бердыев «Тобылға» қарсы матч туралы пікір білдірді
«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев ҚПЛ-дың 6-туры аясында өткен «Тобылмен» матч (2:2) туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- «Тобылмен» болған кездесу тартысты әрі қиын болды десем болады. Неліктен десеңіз, бірінші кезекте, қарсылас команданың сапында жоғары деңгейлі ойыншылар көптеп жиналған. Былтырғы маусым чемпиондары екенінде атап өткен жөн.
Жас ойыншыларымыздың толқынысы және қателіктер жіберуі «Тобылдың» бізден бір бас жоғары тұруына әсер етті. Әсіресе ойынның екінші бөлімінде.
Андрей Ульшин орталық жартылай қорғаушы позициясында жақсы ойнады. Өкінішке орай, Яцек Гуральскийдің жарақаты бар және белгілі бір уақыт аралығында ойынға қатыса алмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или