«Қайрат» «Тобылға» қарсы матчта 99-минутта бір ұпай еншіледі
Қазақстан чемпионатының алтыншы турының орталық матчы Қостанайда өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жергілікті «Тобыл» алматылық «Қайратты» қабылдады. Алаң қожайындары 99-минутқа дейін 2:1 есебін ұстап тұрған. Он футболшымен қалған «Қайрат» жүзінші минутқа таяған сәтте стандарттан есеп теңестіріп, бір ұпай алып кетті.
Қазір «Тобылда» 11 ұпай бар, ал «Қайратта» бір ұпай артық.
«Тобыл» — «Қайрат» 2:2 (1:1)
Гол соққандар: Канте 8 (0:1), Малый 45+2 (1:1), Тошич 72 (2:1), Васмльев автогол 99 (2:2)
Пенальти соға алмады: Тағыберген 34 (қақпашы)
Алаңнан қуылды: Буранчиев 90+5.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или