Зайнутдиновтың ЦСКА-сы «Уфамен» тең түсті
Мәскеудің ЦСКА-cы РПЛ 25-ші турындағы ойында Уфамен (1:1) тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Бактиер Зайнутдинов мәскеулік команданың негізгі құрамында шықты.
ЦСКА қорғаушысы Марио Фернандес 89-минутта гол соқты. Қосымша уақытта уфалық қорғаушы Алексей Никитин таразы басын теңестірді.
Мәскеудің ЦСКА 25 ойында 44 ұпай жинап, 2021/2022 маусымындағы Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 3-ші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или