Педри маусымның соңына дейін алаңға шыға алмауы мүмкін
«Барселона» футбол клубының жартылай қорғаушысы Педри жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz
19 жастағы ойыншы Еуропа лигасының ширек финалы аясында өткен «Айнтрахтқа» (2:3) қарсы ойында бұлшықетін жаралап алды.
Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, футболшы осы маусымның қалған бөлігінде алаңға шыға алмауы мүмкін.
Айта кетейік, биылғы маусымда Педри «Барселона» сапында 22 матчқа қатысып, бес гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или