Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға өткен командалар белгілі болды

Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға өткен командалар белгілі болды

Еуропа Чемпиондар лигасының ширек финалы аяқталып, жартылай финалға өткен командалар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

13 сәуірге қараған түні өткен екі ойында «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» 1/2 финалдың жолдамасына ие болды.

«Ливерпуль» өз алаңында <br />лиссабондық «Бенфиканы» жеңе алмады. Есеп - 3:3. Бірақ Лиссабонда 3:1 есебімен жеңіске жеткен «Ливерпуль» жартылай финалға шықты.

Ал «Манчестер Сити» сырт алаңда «Атлетикомен» 0:0 есебімен тең түсіп, келесі кезеңге өтті. Манчестерде өткен бірінші ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Чемпиондар лигасы. 1/4 финал, қарымта матчтар

«Ливерпуль» – «Бенфика» – 3:3. Бірінші матч – 3:1

Гол соққандар: 1:0 – 21 Конате, 1:1 – 32 Гонсалу Рамуш, 2:1 – 55 Фирмино, 3:1 – 65 Фирмино, 3:2 – 73 Яремчук, 3:3 – 81 Нуньес.

«Атлетико» – «Манчестер Сити» – 0:0. Бірінші матч – 0:1

Айта кетейік, кеше «Вильярреал» мен «Реал Мадрид» жартылай финалға өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или