Павлодарда кейінгі 5 жылда ең көп жанкүйер жиналған матч өтті
Қазақстан Премьер-лигасының 5-туры аясындағы «Ақсу» - «Ақтөбе» (1:2) кездесуін алаң жиегінен 6 580 көрермен тамашалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл Павлодардың Орталық стадионындағы биылғы маусымдағы рекордтық көрсеткіш.
Айта кетерлігі, «Ертістің» өзі кейінгі жылдары мұнша көп көрермен жинамаған. 2016 жылы шілдеде Орталық стадионға Аршавин, Исламхан секілді жұлдызды ойыншылары бар «Қайрат» қонаққа келгенде осынша көп жанкүйер жиналған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или