Анчелотти Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти төрт онжылдықта қатарынан Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан тарихтағы алғашқы бапкер атанды.
1999 жылы Анчелотти «Ювентуспен» жартылай финалға дейін жетсе, 2000 жылдары «Миланмен» төрт рет аталмыш кезеңге шықты. Ал өткен және осы онжылдықта «Реалмен» екі рет 1/2 финалға шықты.
Барлығы 62 жастағы итальяндық Чемпиондар лигасының жартылай финалына 8 рет шыққан – бұл көрсеткіш бойынша ол турнир тарихындағы бірінші орынды Хосеп Гвардиола мен Жозе Моуриньомен бөлісіп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или