Қазақстан қыздар құрамасы Уэльстан ұтылды

Қазақстан қыздар құрамасы Уэльстан ұтылды

Нұр-Сұлтанда 2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтті, онда Қазақстан құрамасы Уэльс құрамасымен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрымды футболшыларымыз 0:3 есебімен есе жіберді. Уэльс сапынан голдарды Кейли Грин (30-шы), Наташа Хардинг (42-ші) және Джессика Фишлок (65-ші) соқты.

Қазақстан құрамасы үшін бұл ресми кездесулердегі қатарынан 17-ші жеңіліс болды.

Қазақстандық футболшылар 2018 жылдың 12 маусымында Босния және Герцеговина құрамасын (2:0) жеңгеннен бері жеңіске жете алмай келеді.

Қазақстанның ағымдағы іріктеу кезеңіндегі көрсеткішіне келетін болсақ, құрама жеті кездесуде жеті жеңіліске ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или