Ел кубогы: «Қайсар» бастапқы кезеңнің үшінші айналымына шықты
Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда жергілікті «Қайсар» мен елордалық «Жас Сұңқар» арасында Қазақстан-2022 кубогының алдын ала кезеңінің екінші турының матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесудің нәтижесін «Қайсардың» шабуылшысы Нұрбол Әнуарбековтың екінші таймның басында соққан голы шешті.
1:0 есебімен жеңіске жеткен қызылордалықтар ел кубогының алдын ала кезеңінің үшінші кезеңіне жолдама алды. Сондай ақ, бұл кезеңде Талдықорғанның «Жетісу», елордалық «Жеңіс» және Түркістанның «Ясы» командалары өнер көрсетеді.
«Қайсар» (Қызылорда) - «Жас сұңқар» (Нұр-Сұлтан) 1:0 (0:0)<br />Гол: 1:0 - Әнуарбеков (49)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или