Траоре Идрисса: «Футбол мерекесіне айналды»

Траоре Идрисса: «Футбол мерекесіне айналды»

Буркина-Фасо құрамасының бас бапкері Траоре Идрисса матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстан құрамасымен өткізген жолдастық кездесудің нәтижесінен қуанышын жасырмады. Африкалық құраманың жаттықтырушысы бүгінгі ойынның футбол мерекесіне айналғанына сенімді.

- Бүгін соғылған гол болмады, сол себепті ешкім жеңіске жеткен жоқ. Ең бастысы ешкім ұтылмады. Тартысқа толы ойын өтті. Біз еуропалық үлгі және латын америкалық үлгіде ойнайтын екі команданың ойынын көрдік.

- Қазақстан құрамасынан еуропалық футболдың қандай үлгісін көрдіңіз?

- Еуропалық футбол тәртіпті және тактикалық жағынан мығым келеді. Латын футболы техникалық орындау мен тосын жағдайларға сүйенеді. Қазақстан - жақсы команда.

-Төрешіге қояр наразылығыңыз бар ма?

- Бүгінгі ойында беделді төреші қызмет атқарды. Ол әр эпизодта салқындылық танытып отырды. Оның әрбір шешімі тез, бірақ тексерілген болды. Әділ төрелік еткені үшін алғысым шексіз.

- Сізге матч ұнады ма?

- Матч алдындағы баспасөз мәслихатында айтып өткендей, спорт адамдарды жаңашылыдыққа және қызығушылыққа біріктіреді және үйретеді. Бүгін қазақстандық футболшылар тиісті тәжірибені алды деп ойлаймын. Менің шәкірттерім де қазақстандық футбол туралы көп мәлімет алды. Қазақстан Ұлттық құрамасына жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін. Ол үшін команда да барлығы бар. Жанкүйерлер мен журналистер де маңызды рөл атқарды. Өйткені, солардың арқасында бүгін Қазақстан мен Буркина-Фасо арасында жолдастық матч өтетінін барлығы білді. Барлықтарыңзға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Қазақстан футбол федерациясына жылы қабылдағаны үшін рахмет. Сіздерді Буркина-Фасо елінде қарсы алуға дайынбыз.

Дереккөз: kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или