Ерлан Қожағапанов Алматы жұртшылығымен кездесті

Ерлан Қожағапанов Алматы жұртшылығымен кездесті

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Алматы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Оңтүстік астанадағы футболдың қазіргі жағдайы мен еліміздегі нөмірі бірінші спорттың болашағы жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды. Жекелей алғанда, ҚФФ басшысы 2022 жылға дейін Қазақстан футболын дамыту бағдарламасының бағыттарын таныстырды. Негізі бағыттың бірі балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту саналады.

- Ең басым бағыт - балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, - дейді ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов. - Өйткені, футболдың негізі бала кезден қалыптасады. Әрі қарай жас футболшы шеберлігін шыңдай түседі. Футболын инфрақұрылымын дамытпай, футболды дамыту мүмкін емес. Бұл үшін федерация сапасы жоғары жасанды жамылғысы бар алаңдар мен жабық футбол манеждерінің санын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, стадион мен алаңның талаптары күшейтіледі. Биыл шетелдік мамандар шақырылып, Премьер-лига клубтарының барлық алаңдары тексерілмек. 2017 жылдан бастап барлық алаң сертификациядан өтеді. Нашар алаңда футбол матчтары өткізілмейді.

Ерлан Тоқтарханұлы Қазақстан футбол федерациясының балалар мен жасөспірімдер футболында ойыншылардың ауысу ережесі әзірленіп жатқанын, аймақтық федерациялардың қызметін жетілдіру алға қойылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ынталандыру кестесі бойынша балалар жаттықтырушыларының рейтингі әзірленбек.

Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясының жетекшісі еліміздегі футболдың дамуында халықаралық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Әлемдік футболда Қазақстан беделін көтеру мақсатында елімізде маңызды футбол жарыстарын қабылдау бойынша жұмыстар атқарылуда. 2018 жылы Еуропа Суперкубогын Астана өткізуге өтініш берілді. 2017-2018 жылдары 17 және 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Еуропа Чемпионатын қабылдау жөнінде өтініш әзірленуде.

Айта кету керек, дәл осындай басқосу Шымкент, Тараз жәнек Қызылорда қалаларында өтті. Жақын арада ҚФФ басшысы еліміздің өзге өңірлерін аралайды.

Дереккөз: kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или