Андрей Карпович: Айып алаңында қақпаны көздейтін аса көп мүмкіндік болған жоқ
«Қызылжар» командасының бас бапкері Андрей Карповичтің «Тұранға» қарсы ойыннан кейінгі пікірі.
- Бүгін өте қиын ойын болды. Біз де, қарсыласта жеңіске ұмтылғаны белгілі. Айып алаңында қақпаны көздейтін аса көп мүмкіндік болған жоқ. Допқа иелік ету мен қарсыластың айып алаңындағы сәттер көрсеткіші бойынша сәл басымдық көрсеткен шығармыз. Алайда, қапталдардан допты жеткізгенімізбен, тым болмаса бір сәтті голға айналдыра алмадық.
Өткен жылмен салыстырғанда алға жылжу бар. Бір ұпайға қол жеткіздік. Осыған дейін болған ойындарға қарасақ, сырт алаңда ұтылған едік. Ары қарай жұмыс жасаймыз, - деді бапкер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или