«Астана» Лейпциг университетімен меморандумға отырды

«Астана» Лейпциг университетімен меморандумға отырды

«Астана» футбол клубы мен Лейпциг халықаралық университеті серіктестік орнату мақсатында меморандумға қол қойды.

Sheraton Nur-Sultan Hotel конференц-залында екіжақты байланыс орнатып, спорт саласында білім мен тәжірибе алмасу және ортақ жобаларды атқару мақсатында ресми меморандумға қол қойылды.

Кездесуде «Астана» футбол клубының бас директоры Тастанбек Есентаев пен Лейпциг қаласындағы халықаралық университеттің спорт ғылымы факультетінің басқарушы директоры Дэниел Эккерт-Линдаммер болды.

Келісімнің негізгі мақсаттары – футбол саласында жоғары білікті мамандарды дайындау, спорт саласында бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, Лейпциг қаласындағы халықаралық университетінің сарапшыларымен тәжірибе алмасу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или