ҚПЛ: «Астана» қақпашысы «Таразға» қарсы матч туралы пікір білдірді
«Астананың» қақпашысы Марко Милошевич елордалық клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының 5-туры аясында өткен «Таразға» қарсы матчты қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
– «Тараз» – кез келген команда үшін қиынға соғатын, ұйымшыл қарсылас. Біз ойын сайын даму үстіндеміз, бұл кездесуде ойынды толықтай бақылауымызға алдық. Осы матчты маусымдағы үздік ойындарымыздың бірі деп айта аламын.

– Команда чемпионат басындағы сүреңсіз ойындардан кейін қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті. Қазір ойыншылар бапкердің олардан не күтетінін түсінген секілді ме?
– Өздеріңіз көріп жүргендей, біз ойыннан ойынға күшейіп келеміз, бапкердің қойған талаптарын толығымен орындауға тырысамыз, әр матчта басым болу үшін барымызды саламыз. Команда біртіндеп қарқын алып келеді, жеңістен жеңіске жетіп, мақсатымызға қадам басудамыз.