«Қызыл-Жардың» бапкері «Тұранға» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді

«Қызыл-Жардың» бапкері «Тұранға» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді

«Қызыл-Жардың» бас бапкері Андрей Карпович клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының бесінші турындағы «Тұранға» (0:0) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

<span>«</span>Бүгін өте қиын ойын болды. Бізде, қарсыласта жеңіске ұмтылғаны белгілі. Айып алаңында қақпаны көздейтін аса көп мүмкіндік болған жоқ. Допқа иелік ету мен қарсыластың айып алаңындағы сәттер көрсеткіші бойынша сәл басымдық көрсеткен шығармыз. Алайда, қапталдардан допты жеткізгенімізбен, тым болмаса бір сәтті голға айналдыра алмадық. Өткен жылмен салыстырғанда алға жылжу бар. Бір ұпайға қол жеткіздік. Осыған дейін болған ойындарға қарасақ, сырт алаңда ұтылған едік. Ары қарай жұмыс жасаймыз<span>», — деді Карпович.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или