«Этихадтағы» триллер. «Манчестер Сити» мен «Ливерпуль» тамаша матч өткізді
Англия чемпионатының 32-ші туры аясында «Манчестер Сити» мен «Ливерпуль» матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ағылшын Премьер-Лигасының көшбасшылары керемет және нәтижелі футбол көрсетті. Кевин Де Брюйне мен Габриэль Жезустың голдарына қонақтар Диего Жота мен Садио Маненің дәл соққыларымен жауап берді.
Осылайша, командалардың турнирлік кестедегі орындары өзгеріссіз қалды: «Манчестер Сити» (74 ұпай) – бірінші, «Ливерпуль» (73 ұпай) – екінші.
АПЛ. 31 тур
«Манчестер Сити» - «Ливерпуль» - 2:2
Гол соққандар: Де Брюйне, 5 (1:0), Жота, 13 (1:1), Жезус, 36 (2:1), Мане, 46 (2:2).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или